Өңі бұзылып, жабырқау тартты. ~ Тезекті тастай беріп, ауызы бұртиып, жылайтын балаша кескіні бұзылып, Ұрындық сырт берді. Ж.Айм. ~ Неге екені белгісіз, Шалтайдың кескіні лезде бұзылып сала берді, Сәуленің мұң басса да нұр шашып тұрғандай көрінетін өңінен көз алмай қадалған күйі таяғына сүйеніп тұра бере біреу төбеден ұрып жібергендей сылқ етіп отыра кетті. Ә.Әб. ~ Маған да ол орысша, қазақша, өзбекше әндер айтқызып рахаттанатын. Сөйтіп жүргенде… — дей беріп, Гүлнардың даусы да, кескіні де бұзыла қалды. С.Мұқ.
