Posted in

КЕСІК ҚҰЛАҚ

Басыбайлы құл, күң, малай. * Үй ішінен, көгеннен Күңіренді көп дауыс: «Кесік құлақ» дегеннен Ағытылды бірталай… І.Жанс. * Өйткені қазақ шекпенінің етегі сияқты далиып жатқан кең де, сайқын да жерінің бәрін-ақ басқыншылар билеп-төстеп, алтын айдар ұлды кесік құлақ құл қылды, ай десе аузы, күн десе көзі бар қызды шүйке басты күң қылды. Б.Қыд. * Қонғалы кесік құлақ арық жігітке де тыным жоқ. Қанша қой бір соның қолынан өтті. Бес қайыққа жалғыз үлгіреді. З.Шүк.