Posted in

КЕСІРІ ТИДІ

Зияны келді, кесапаты жұқты. * Билік таластыратын кез емес.Қарауыма келген отряд командирлерімен мәселеніосылайша бірден шешіп алдым. Әйтпесе, іштегі егестіңалдағы іске кесірі тиюі мүмкін. А.Жақс. * Қанша ашуланғаныммен өз қолымда өскен тайлағым еді. Егескен қалпым жұмсармай, қасарып қалсам, ертең Сейітіме бір кесірі тиіп жүрер. Р.Рай. * Бірақ күндердің күнінде бой-басын қаптап алған, жүзі адам шошығандай сұп-сұр, қаңғыбас жанның кесірі тиеді. Т.Әбд. ~ Кесірі тиеді, – деп кейіді ол лашығында отырып. – Ақ адамнан періште қашады… Періште қашса, бақ та қашады. Әруақтар да желеп-жебемейді. Т.Әбд.