Posted in

КЕТЕР АЯҚ

Кетіп бара жатқан қонақпен ішу салты. ~ Әй, Оралжан, кетер аяққа тағы бір стопка құйып жіберші! — деді күркіреп. Ә.Асқ. ~ Енді , Сатеке, кетер аяқ жасамаймыз ба, – деп інісі Марғау бір бөтелкені әкеп, екі қырлы стаканды қасына қоя бергенде Бертайдың даусы тосын саңқ етті. Қ.Түм. ~ Капитан, солдаттың сөзі дұрыс болар. Кәне, столға отыралық, – деді ол. – Келіңдер! Кетер аяғымыз болсын, – деп Уәли жарты литр шығарды. Т.Ахт.