Сезіктенді, бойын күмән жайлады. ~ Көңілге мұң, кеудеге күдік кіріп, Өртті қолмен ұстағам біліп тұрып. Жүрегімді жылаған
жетеледім, Жанарына жалғанның күліп тұрып… БАҚ. ~ Ал, сіз бен біздің жүрегіміздегі иман әрбір тосыннан болған жайтта
сыр беріп жатады. Қаншалықты құлшылық етсек те кейде күдік кеудеге кіруге тырысады. БАҚ.~ Ондай перизат жанның
көлеңкесіне құмарлардың өзі- ақ жер бетін жасырып кетпей ме?.. ” Кеудеге күдік оралды дегенше адамның дегбірі
қалмайтын әдеті. С.См. ~ Кеудеге енді басқа күдік ұрандатып енді. С.См.
