Екпінін басты, көңілін пәс қылды. Ырқына көндірді, тұқыртты, еңсесін түсірді. ~ Бәсе, жаңа өкімет байларды кеудеден басып, кедейдің еңсесін көтереді деген рас екен ғой! Б.Тоғ. ~Күйіп-жанып тұла бойы дірілдейді. Алқынған кеудесін басуға себеп іздегендей, суық суға үздіксіз басын тығады. Қ.Жиенб. * Адуын Алшынбайға арақ іш десем – мас қылып кеудесін басайын дегенім, сәлдесі ақ жібек Науан хазіреттің “заман азып, бейбастықты тиятын кісі қалмады, ислам тоқырады” деген сөзі ұнамады … Д.Досж. ~ Сондай сезіммен Темірбекке телмірген көзін жоғары қаратса, абақты қорғанының еліктей мелшиген қимылсыз кеудесін
баса, ашық аспанға өрлей, сәуле қанатын кең жая алтын күн көтеріліп келеді екен. С.Мұқ. ~ Сейтеннің мұнысы Ебелекке төбесіне ойнап, кеудесін басқандай ауыр тиді. Ғ.Мүс. ~ Неге екенін Аспараға қарағанда Аңсағанның кеудесін басқан зілмауыр сағынышы сәл жеңілдеп қалатын. А.Үсей
