Тірі адам тірлігін істейді дегенге саяды. ~ Кеудеде жан болғасын тірлік керек, ышқына аударылып түсіп, ағараңдаған ауызды маңдайға алып, жер бауырлап жылжып берді. М.Қаб. ~ Халдің несін сұрайсың. Кеудеде жан болғасын тырбанып жатырмыз. Беретін көмегін бар ма? Т.Ахт. ~ Иманын жолдас қылсын. Біз алдыңғы күні ғана естідік. Болмаса қызмет қылуға кеудеде шыбын жан тұрғанда жетуге болатын еді. Қалғанға ғұмыр берсін. Т.Әбд.
