Posted in

КЕУДЕСІМЕН (ҚОРҒАДЫ) ҚАҚТЫ

Жанын салып, аман алып қалды. ~ Ұлы Дала елін сан-замандар мен дәуірлер бойы ұлы қағандарымыз, айбатты баһадүрлеріміз, айбынды қолбасшыларымыз дана, шамшырақ билеріміз, қара ормандай халқымыз тайлы тұяғымен кеудесімен қорғап, қызыл қанын судай төгіп, ұрпағына аманаттап құдірет сәулетімен бүгінгі күнге жеткізді. С.Нег.

Қорғап қалды. ~ Кейбіреулер ақ жанды, Жаңа жауған ақ қардай. Саған төнген қанжарды Кеудесімен қаққандай. Біреу құрттай қап-қара, Іштен үңгіп жейтұғын. Өзі өлтіріп жап-жаңа, Кім өлтірді дейтұғын. С.Мәу.