Posted in

КЕУДЕСІНЕ ҚОНАҚТАДЫ (ҚОНДЫ)

Жүрегінен орын алды. * Кынарындағы жығылмай сіресіп тұрған тоғайдың сүлдесі бетінде көріністеніп, тіпті жарықтық айдың суретіне шейін кеудесіне қонақтаған. О.Бөк. * Ақшоқыдан асып кеп түскен күннің қияс нұрын Марқакөл көптен күткен қадірменді ғашығындай кеудесіне қонақтатып, айнымастай боп аймаласып жатыр. О.Бөк. ~ Бойда ерік, ойда көрік бар кезде адам дегенің уақыттың нарқын бағалай бермейді екен. Ендігі жерде қаншалықты өкінгенмен көңілден кеткен көк қаршыға қайта айналып кеудесіне қонар ма? Ә.Асқ. ~ Тас еденде домаланып жатып көрді. Тор көз терезеден әлдеқандай леп ұшып кеп, кеудесіне қонып, тұла бойына шым-шымдап жан бітіргендей болғаны. Д.Дос.