Posted in

КЕУДЕСІН БЕРМЕДІ

Мойын ұсынбады, ырқына көнбеді, төмендемеді. ~ Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
— Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды! – деп ауыл аңыз қылады. М.Әу. ~ Ақназар да бойы сұңғақ, үңірейген аш көзді, бірме-бірге болмастын дейтін, кеудесін бермейтін кісі еді, қыли қараның
жанында адам болмай әруей болып қалды. Б.Қыд.