Posted in

КЕУДЕСІН ТІК ҰСТАДЫ

Ешкімге басын имеді. ~ Бетіне бажырая қараған ешкім болмаған соң, жайыла шалқыды. Әй, аңқаулық-ай, арандайтын
оппаны аңдамапты. Өр кеудесін тік ұстап, орғып жүргенде орға құлапты. Айласыздығына ғана өкінеді. Аңғырттық аяғына
тұсау салды. Қ.Тол. ~ Және: “Бұлар сенің атаң. Сен хан ордасының жұртындағы жұрағатсың, Абайдың сөзін ұстар – мұрағатысың,
алаштың азаматысың” – деп нықтап отырды. “Мен – елмін, Мен – ермін. Мен – қазақпын” – деп кеудесін тік ұстатып тәрбиеледі. Т.Жұрт.