Posted in

КЕУДЕСІ КЕҢ САРАЙДАЙ

Оқыған-тоқығаны, парасаты мол, жастарға берері көп, абзал, абыз адамға қарата айтылады. ~ Ал, мына ақсақалды абзал қария Кеудесі кең сарайдай туысты адам! Қайратын кім біледі бойындағы, Асырып, арнап айтқан ойы ұнады. Ғ.Қай. ~ “Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке адамзатта ел жеткен бе? Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, Түріктің ерлеріне ер жеткен бе?…”, – деп жырлап, Алашты қазақпен емес күллі түркімен өлшеген кеудесі кең сарайдай Жұмабаевтың шоқтығы тіптен биік көрінді. Ж.Шәк. ~ Дұрыс қой, ескінің есті әңгімесін кеудесі кең сарайдай осындай үлкендер айтпағанда кім айтады. БАҚ. ~ Бай тілдік қоры бар, кеудесі кең сарайдай жандар ғана өз қалағанынша әрекет жасай алады. Олардың әрекеті – әрине, жай әрекет емес, тынымсыз ізденістегі жазушының жан азабы, жан азабының тәтті жемісі. Ж.Шәк.