Кеудесіне нан піскен, менмен. ~ Ат үстінен әкіреңдеп, қарсы жолыққанның бәрін бас-көз демей төпелеп, қамшымен шықпыртып, кеудесі күптей бір қара кісі ысқыртып келеді екен. Қылығы жаудың қимылы. Ү.Жәл. ~ «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» деген-ау, көрер көзге кеудесі күптей әжептәуір адам болғанмен, іші борсып кеткен сасық судай пасық жан болып шықты. Ү.Жәл.
