Posted in

КЕУДЕСІ КӨТЕРІЛДІ

Рухы өсті, еңсесін тік ұстады. ~ Еңсесі биік көпір үстінен Жайықтың екі беті кеңірек көзге түсті. Бұрынғы қоңырқай қаланың кеудесі көтеріліп, Жайықтың екі бетіне де зәулім үйлер орнап қалыпты. Ғ.Мүс. * Тәуелсіздік – басқа қонған бағымыз, осы тәуелсіздіктің арқасында көк байрағымыз көкте желбіреді, елдің кеудесі көтерілді, халқымыздың рухы қайта шалқыды! БАҚ.