Мақтанды, бөсті. ~ Былайғы аға-інілері сияқты қолында билік бар болсын, жоқ болсын,
әйтеуір, тегім төре еді ғой деп, жалпақ көптің алдында кеуде қағып кісімсінуді де ит етінен
жек көретін. Ә.Кек. ~ “Махамбеттің басын бәске салған, Абайды қамшының астына алған,
Мұсаны жаяу қалдырған, Шәкәрімді шыңырауға тастаған… дөйің мен дойырың мына біз
боламыз!” деп кеуде қаққан қазақты қазірше кездестіре қойған жоқпыз. И.Сап. ~ Өйткені
оның айтқандары Тоқкенттегі ғалымбыз деп кеуде қағатындардың көкке де көтеріле алмай,
жерге де түсе алмай орта жолда адасқан, сондықтан да кісінің көкейіне қонбайтын дүбәра
әңгімелеріне мүлдем ұқсамайды. Е.Әл. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес
кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар!
Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар.
Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Қалың қазақты оятамыз, есесін
әпереміз деп дүрлігіп жүрген демократ сөзінің сиқы осы! Үкімет қызметін атқарып жүрген
зиялы қазақтың көзін тұздай құртса қай қазақты ұшпаққа жеткізем дейді екен күпсінген
төре. Ә.Ізб.
