Posted in

КЕШУ АЙТТЫ (АЙТЫСТЫ, АЛЫСТЫ, ҚЫЛДЫ, ҚЫЛЫСТЫ)

Ақтық қоштасуын жеткізді; кешірім сұрады; бір-бірін кешірісті; бақиласты. ~ Бір-бірімен бақиласып, қоштасты. * Тыныштық болса, бірер айда ат ізін салмақ, замана аужайынан хабар бермек. Әкеймен кешу айтысып, Қорабай да аттанып кетті. М.Мағ. * Жақып нәби атамен, Кешірім кешу алысты. Қастық еткен ағамен, Шілте соғу болмады, Кездескен істеп жаламен. С.Ғылм. * Сыпатай ақсақалға кешу сәлем айтып, туған жерінде, аталас ағайындардың ортасында қалыпты. М.Мағ. * Сол ойменен Кризді босаттырды, Екеуі бір-біріне кешу қылды. «Дос болып, шығыныңды төлеймін» деп, Амандасып еліне қайта жүрді. Шәк. ~ Берікбол Кербезбен тағы бір рет оңаша кездескен соң: «Ел іргесі тынышталған соң, сәтіне қарай оралармыз. Ғұмыр бойы бетіне қарамай, еркелетіп өсірген әке де кешу жасар. «Тәуекел деп тас жұтуға деген соң «даярмын». К.Сег.