Posted in

КЕҢСІРІК ЖАРДЫ (ЖАРАДЫ)

Аңқып кеткен өткір иіс туралы. ~ Апыл-ғұпыл аударып жез легенге еңкейіп еді, күшеніп құр лоқсығаны болмаса, құса алмады. Қаңсыған ащы кекірік кеңсірік жарды. Т.Сәу. ~ Ауыз үйге ене бергенде, жас төлдің күлімсі зәрі кеңсірік жарды. М.Қаб. ~ Қыстау, қораның күнге қураған көне сабаны мен көңінің иісі кеңсірік жарады. Ж.Нәж. ~ Жалбыздың көк жапырағын өшім кеткендей уқалаймын. Ащы иісі кеңсірік жарды, жылбысқы нілі алақанымды сірнеше тұтып қалған. Ж.Шағ.