Дәрет алды. ~ Ал еркін өмір, әдеттегі тірлікте өз еркімен кеңіп алып, қаннен-қаперсіз жүріп кете беретін жандар «кеңіп алу» дейтін табиғат борышын өтеу рақатын көп түсіне бермейді, көңіл аудармайды да. Ж.Баб. ~ Мысалы, айдалада жалғыз өзің атыңды қаңтара, шылбырын шұбата салып, өз аспаныңның астында, өз топырағыңның үстінде, өз суыңның жағасында, құмайттау бір жерді көздеп, екі өкшеңді тобықтай екі тасқа баса тіреп, лап еткен самалға бетіңді бұра, жазғы уыз табиғаттың жұпар иісін сіміре тартып, аспай-саспай, қысылмай–қымтырылмай бір сәт кеңіп алсаң, ол деген дүниенің бір рақаты ғой. Ж.Баб.
