Posted in

КЕҢІРДЕКТЕН КЕЛДІ

Мол болды, белшеден батты. ~ Сол жүздікті тартып кеп жіберіп ем, сезгенім: араққа ұқсайды. Тағы да құйдым. Құдай ақы, мынаусы арақ. Неғылған шайтан бұл! Қалғанын да құйдым — таза арақтың өзі. — Әкел, — деп айқайладым сосын, — тағы да! “Міне, — деп ойлаймын, — кеңірдектен келді”. М.Зощ. ~ Ол блокнотын сарт еткізіп жапты да, қалтасына салып тастады. Бұрышта ұйқы соғып жатқан теңізшіге көз қиығын салды. “Кеңірдектен келгенше тойыпты” деген анықтама берді оған мистер Блор қолма-қол. А.Крис.

  1. Судың деңгейі, тереңдігі хақында. ~ Бір-бірімізбен қоштаса бастадық, су кеңірдектен келді. Келінімді су ағызып әкетіп мерт болды. Менің тамырым қысылып қалды. БАҚ.