Posted in

КЕҢ БАЛАҚ

Аңқылдаған ақ көңіл, арамдығы жоқ, аңқау, момын адам хақында. ~ Мен байғұс ауылда өскен кең балақ қалпыммен бұған дейін «Лениншіл жаста» табақтай-табақтай болып жарияланған … топтамаларымды астанадағы әдебиетші аға-апаларымның бәрі оқып, мені көрсе, құшақтап бауырларына тартардай, сүйсінуде деп жүрмін. Жоқ, ешкім тырс етпейді. Ф.Оңғ. ~ Сіз бен біз ғалым болып ғылымда жаңалық ашсақ, жақсы кітап жазсақ, о да кең балақ шалдың құдіреті. Ә.Нұрп. ~ Ер адамға бала бағу қиын екен. Балаға көз болсын деп, қазақтың заңымен жесір отырған бір жеңгемді ала салдым. Кең балақ қазақылау адам, бірақ әйтеуір балаға пейілі түзу, — дейді Сейілхан ағам. Т.Ахт. ~ Кейін қартайғанда да марқұм өзіне қарама-қайшы қып жарата салғандай, былқылдаған тоқаштай топ-толық сары келінінің бітіміне тыжырына қарап отыратын. Келіні де өзі сияқты жатыры жайлы, кең құрсақ, кең балақ, бала тапқыш боп шықты. С.Шәт.