Posted in

КЕҢ КЕУДЕ

Мейірлі, жомарт, көңілі ашық адам. ~ Қайран қартым -ай!.. Қадірлім-ай! – деп Абай, өзімен өзі сөйлескендей күрсініп, бір жалын атты. Демі дір-дір еткен өксік тәрізді ауыр күйініш қалпын байқатты. Үлкен адамдық пен мейірімді достық қасиеттерін жиған кең кеуде, аса ащы бір шерменен өзгеше күйзелгендей. М.Әу. ~ Үлкен адамдықпен достық қасиеттерін жиған кең кеуде де аса бір ащы шермен өзгеше күйзелген мұң бар екенін Гауһар да байқаған. Мұрнын тартып, жасын үнсіз төге берді. Т.Рыск. ~ Шарболаттай серпінді, асқақ әндер алдымен сол қуатты, кең кеудеде қорғасындай қорытылып, сонан соң тасып төгіліп, сыртқа шығып жатқандай әсер қалдырады. Т.Рыск.

  1. Ірі денелі, иықты, жалпақ кеуделі (кеуденің сыртқы пішіні). ~ Қапысы жоқ сәтті баққан Сейіт пен оның өзіндей кең кеуделі, қара бұйра сақалды Жайнақ, мына Дондағұлдың үлкен ұрыс бастарын сезіп қалысты. М.Әу. ~ Жүресінен отырған қалпында Сейіт кесек, кең кеудесін Оразбайға бұрып алды. М.Әу. ~ Сымдай тартылған сырықтай бойға кең кеуде мен тіп-тік иық көз жауын ала жарасып тұр. С.Дос. ~ Танымаса, жөні бар екен. Анау күздегі торсық шеке, кең кеуделі Виктор Викторович көзден бұлбұл ұшыпты. Сылып алғандай жүдеген. М.Қаб. ~ Оның адам кейпінен шыққандығы сонша, адам танып болмастай екен. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпей» кең кеуде, керме иық қалған. Б.Қыд.
  2. Ашық, алысқа шарықтайтын мол, қуатты дауыстың ұясы дерлік ауқымды кеуде. ~ Шырқау алыс қияға әкеттi. Тұлғасы ерен, кең кеуделi асқақ үндi әншi, сахараның ғажайып бiр алыбы боп апты. М.Әу. ~ Жаса мәңгі, жайсаң өңір, саған айтар бар тілек Жер жаңғыртып жатсын дәйім кең кеудеңнен ән түлеп. Қ.Жұмағ. ~ Махфуза 7-пәтердің есігін сипай жауып, кең далаға шығып, көптен тарылып жүрген тынысы кеңіп, алдынан соққан самал кең кеудесін аймалап, бес баласына жеткенше асықты. Қ.Түм.