Posted in

КЕҢ МАҢДАЙ

Жазық маңдай; адамның ақыл-парасатын меңзейтін ұнамды ерекшеліктерінің бірі ретінде ауыз әдебиетінде де, жазба әдебиетте де жиі қолданылады. ~ Көтеріңкі түп-түзу сұлу мұрны оның қызғылт бет, ашық кең маңдайын сұлу жүз етеді. Қалың қоңыр сақалы күрекше ықшамдана күзелген. М.Әу. ~ Зейнеп сымбатты да, көрікті де қыз болатын. Оның түр-тұлғасы қазақтың ауыз әдебиетіндегі: Не деген сұлу едің жұрттан асқан, Қан мен сүт ақ жүзіңде араласқан, Кең маңдай, қыр мұрынды, сүйір иек, Қалам қас, оймақ ауыз, ұзын кірпік, … – дегендей, сымбат пен кескін біткеннің қазақы мағынасындағы ең сұлуы еді. С.Мұқ. ~ Абат Мырзалин ұзын бойлы, екі танауынан күн көрінгендей, кең маңдайы жарқырап тұратын, аппақ жігіт болатын. Б.Қыд.