Ауқымды, мазмұн-мағынасы мол, еркін шарықтаған өнер туындысы хақында. ~ Талантты жас композиторларымыздың жұртшылыққа кең тараған тамаша әндері, ұлттық операдан әйгілі ариялар, би өнері, немесе дүние жүзіне әйгілі Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауында бір-екі күйлерді енгізгенде бұл кең тынысты туындының бойына сөз жоқ сиысып тұратын еді. Қалт. Мұх. ~ Сақ ханзадасы туралы деректі фильм түсіріп саңлақ шыққан, алда кең тынысты көркем дүниеге құлаш ұрмаққа дайындалып жүрген болашақ режиссеріміз қайда? Д.Қуат. ~ ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. БАҚ.
