Мол мүмкіндік, кең жайылым. ~ Қара теңізден жалыққанда жер түбіндегі Балтыққа тартып кеткен кездері де болды- ау! Қазір ондағыдай кен өріс жоқ. Жанағы теңіздердің бәрі «шетелге» қарап кетті. Қ.Жұм. ~ Қайсарлық қайда, өркештеп жатқан қаныңнан, Қарқара тұлға қарттарың қайда, табынған? Аруың қайда, айшылық жолдан аңсаған? Шақтарың қайда, кең өріс тапқан тар санаң? Д.Байт. ~ Даусының әдемілігі, күштілігіне қарай, әсіресе бельканто деп аталатын әнді итальяндарша орындау мәнерімен орындауы қазақ көркемөнерінде жаңалық қана емес, жақсы жаңалық, кең өріс беретін жаңалық еді. І.Ес.
