Біреудің қасиеті атты, қарғысына кезікті. * Ұзатылған қыз төркініне сағыныш-сәлемін өзі тіккен орамалының түр-түсімен аңғартса, оның жиегін тек қоңыр жіппен өре кестелеген. Аңшы қазақ «қоңыр аңның киесі атады» деп мылтық кеземеген. Ж.Аязб. ~ Арудың ары күйгенше, озбырдың жаны күйсін. Жәбірленген қыз қолына садақ берілсін де, күнәкар жігіт топ алдында қасқайып тұрсын. Жебе тиіп мерт болса, ар киесі атқаны, жігіттің жаны салауат. Ж.Сәм. ~ Ашқан балы қате кетіп көрмеген, қырық бір құмалақтың тілін білетін, діні де жат хотын малшының әйелі Еркезаяның аузынан шыққан сөзге бұлар қашан да имандай сеніп, айтқанына көнетін, көнбесе киесі, қасиеті атар, қарғысы тиіп, сұғы қадалар деп қорқатын. Ш.Рах.
