Posted in

КИІЗДЕЙ ҚАЛЫҢ

Өте қалың, тығыз. ~ Бейсеубет жан жүрмей кісі аяғы баспаған соң бүлдірген, ұшқат, алаботасы киіздей қалың; маңайы сәмбі, қарағаш араласа өскен тоғай. Д.Дос. ~ Нөсер кезінде лағын ерткен Елік бике елең-елең етіп, Алып Атаның түбіне келіп тығылады. Өйткені Алып Атаның түбі жып-жылы ғой. Киіздей қалың қылқандарынан тамшы өтпейді. Ш.Мұр. ~ Киіздей қалың шөп арасынан бой көтеріп, көк, күлгін, ақ, қызылт түсті қауашақ ашқан кекіре гүлі көзге жиі түседі. Мо Янь.