Шағын ғана, үйіріліп тұрған, шымыр, оңтайлы әрі сүйкімді. ~ Тек бір өкініштісі, бұл ел киіктің асығындай әдемі қыздарын жатқа беріп, жігіттері жат жұрттан өңшең бір торы шолақ келін жетектеп келетіні бар. Қ.Ысқ. ~ Қарағым, сенің затың — әйел, ауыр жүк көтерме. Менің арқама салып тұрсаң болғаны, — деп Теңгеге де көп ауырлық түсірмеді. Кішкентай ғана шалдың киіктің асығындай шымыр екенін сонда көргенім бар. К.Қаз. * Биікбайдың қалқан құлағы елеңдеп, әрбір сөзін мүлт жібермей тыңдап тұр. Бірақ «қызық» дегеннен басқа ештеңе естілмеді. — Қызық екен өзі!— деді тағы да әлден уақытта. — Қызық. Әй, Биікбай, осы сен киіктің асығындай боп, осы сен кім едің? С.Бақ. * Қадырдың Мөңкемен түйедей құрдас, өзі де киіктің асығындай жұтынған Мәлике атты кішкентай қызы бар. Бойы ғана демесе, қара торының сұлуы. Қ.Ысқ.
