Қоймалжыңданып, әрең ашылған көз. ~ Бауырын жаңа көтере бастаған кілегей көз күшіктер қыңсылап бір бұрышқа ұйлықты. С.Жүн. ~ …шам астында екі қолын қолтығына қысып селкілдеген бала тұр, маған күшікше телміріп, күшікше қалшылдап, “құрметті мырзам” деген сөзді ерніне еріні жұқпай дірілдеп зорға айтты, қар үстіндегі барбиған жалаңаш аяғы қып-қызыл, үстінде жыртылған шыт көйлек пен шолақ қоңыр дамбалдан басқа дым жоқ, безеулі ісік беті мен кілегей көздері де мұз болып қатып қалған секілді. Ф.Дост.
