Posted in

КІМГЕ ДӘРІ

Не пайда; не мәні бар, кімге керек д.м. ~ Белдеуіне жылқы байланбаған ақбоз үй кімге дәрі? Т.Әлімқ. ~ Сандалып Арғынмын деп қылмай егес. Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың? “Біржан – Сара”. ~ Тап осы арадан Тарбағатайдың тайдай аюы шықпаса, мұрнымды кесіп берейін! — Сенің тәмпіш танауың кімге дәрі? Мұрын деп мына біздікін айт! А.Алт. ~ Күндіз үні шықпай, түнде сұңқылдайтын байғыз құстай, қатын-қалаштың алдында сылқ-сылқ күліп, сусылдағаның кімге дәрі? Т.Рыск. ~ Түзетілмей келеді әлі күнге, Өкпе, назым бұл күнде дәрі кімге? Р.Нияз. ~ Әкімке қолың жетпесе, сенің білімің, ақыл-парасатың кімге дәрі? О.Сәрс.