Posted in

КІМГЕ ТҰЛҒА (БОЛАСЫҢ)

Кім едің сонша д.м. менсінбеу, кекету. ~ — Әруақ атады. Құдайдың қаһарына ұшыраймыз. Айтпады демеңдер, бұл күнімізге жете алмай қаламыз». «Болмайды,- деген Ахтан,- қаңырап бос тұрған ескі мешіт кімге тұлға.» Ө.Кәр. ~ Белгілі тұрағың жоқ, Бас түгіл құлағың жоқ, “Уф ” десе қонасың, “Суф ” десе қонасың, “Уф ” десе ұшасың, Қаңғырған қаңбақсың, Кімге тұлға болмақсың ? А.Тоқ. ~ Жалтармай сөз айтқанмен түнге тура, Зарыңды ұқтырып көр күлбет ұлға. Басында бабалардың жанған шырақ, Болармыз, байғұс өлең, кімге тұлға?! Св. Нұрж.