Posted in

КІМ БЕРІПТІ

Ондай бақыт маған (оған) қайдан келсін д.м. * Айман, Шолпан: Еркімен көнді дейсің қай көрікті? Таңдауды біздің қолға кім беріпті. Байлауы батырда ғой, мен не дейін, Бұл күнде тоқалынан ол жеріпті. М.ӘУ. * Ричард пен Сырымды қай актер ойнағысы келмейді, әрине ойнағым келеді, бірақ оны маған кім беріпті? Б.Тұрыс. * Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті?! О.Бөк. * Қиял ғой, әрине. Алаң қожайындары Бразилия, Месси бастаған Аргентина, Суарес пен Каваниі бар Уругвай тұрғанда азиялықтарға кубокты кім беріпті. БАҚ