Posted in

КІМ БІЛСІН

Бір нәрсеге шүбәлану мағынасында. ~ Кім білсін, ол ауыл өз жұртынан енді табыла қояр ма екен? – деп күрсінді Ынтықбай, – Оспанның жеңіліп қашса да халықты зорлап айдай жөнелуі мүмкін. Қ.Шаб. * Ұшқан жазда ақ булар Қайта оралып боран боп Соғады ма, кім білсін? Қыстап қалған аққулар, Күйі тайып обал боп, Тоңады ма, кім білсін? С.Мәу. * Осы «кім білсінге» біздің құлағымыз әбден үйренген. БАҚ