Posted in

КІНДІГІНЕН БАЙЛАНДЫ

Алыстап кетпеді, тығыз байланысын, рухани бірлігін үзбеді. ~ Топырағынан тамыр үзіп қыбыласы қырық құбылған қалалықтар ақыр түбі оршүтке айналды да, мәмбеттер баба дәстүріне кіндігінен байланып сахарада қалып қойған. Т.Сәу. ~ Ауыл — әр қазақтың кіндігінен байланған түп қазығы. Ауыл десе әлі күнге артымызға алаңдап, алыста қалған балалық шаққа аңсарымыз ауып тұрады. Қ.Ад. ~ Арғымақтай айтақырды айналған, Ақылына ақыреті сай болған, Ей, Шымқала! Құлдығыңмын мен сенің Күндігіңе кіндігінен байланған! И.Сап.