Туған баласы, өз ұрпағы д.м. ~ Бұдан біз академиктің неміс сарбаздары кіндігінен тараған балалардың келешекте қауіпті күшке айналуы мүмкін екенін ескертіп, оның алдын алу жолдарын ұсынғанын анық көреміз. Ж.Баз. ~ Оның кіндігінен тараған төрт ұл, әкесінің көзі тірісінде-ақ енші алысқан. Іргелерін әлі айырған жоқ. З.Шүк. ~ Абылай заманында Тоқай-Темірдің кіндігінен тараған жас ханзада көк шалғыны үзеңгіні шырмап көлікті тұсап жүргізбейтін. Д.Дос. ~ Қаламынан туған төрт роман тарихта не қалар, не қалмас, ал өз кіндігінен тараған төрт ұл мұның атын өшірмейтініне сенімі кәміл. Қ.Жұм.
