Біреудің жасаған өрескел ісін, қылмысын, айыбын дәлелдеп, мойындатты, айыптады. ~ Жаманшылықтан тыйыла білмей, болыстың жақсы үмітін далаға кетіргендігі үшін Бақтығұлды, кінәсін мойнына қойған болып, құрбанға шалу керек. М.Әу. ~ Болыстық кеңес комитетіне әлдекімдер жасырып хабар беріпті: «мұғалім бала оқытпайды, аңдығаны қыз, ойнағаны қарта, ішкені арақ…» депті. Болыстық атком ағасы шақырып алып, кінәсін мойнына қойып, басқа жерге аудармақшы болды. Б.Майл.
