Posted in

КІРБІҢСІЗ КӨҢІЛ

Риясыз таза. емен-жарқын көңіл. ~ Сапырып ішкен сары қымыз қандай, Самалдап бойың, қан қызынғандай. Кірбіңсіз көңіл төгіліп-тасып, Тіршілік қамын құзырға алмай… Т. Әбд-а. ~ Өлеңде ақын жанының сәбидей тазалығы, өмірге деген кірбіңсіз көңіл-күйі өрілген. Қ. Бай. ~ Құдай азап берем десе оп-оңай екен ғой. Әйтпесе, осы Алақай таңертең тұрғанда көңілі кірбіңсіз, шілденің аспанындай ашық еді. «Мерседесіне» мініп Боранды базарға «әләуләйлап» жеткен. Ш.Мұрт.