Posted in

КІРБІҢ ҚАБАҚ

Жабырқау, көңілсіз. ~ Жаңа ғана Голощекинге кіріп елдегі жағдайды айттым, азық-түлік жағынан көмек сұрадым… – деп Жандосов кірбің қабақпен жан-жағына, айдалаға қарады. Бұрынғыдай жанарында от, сөзінде жігер жоқ, жасып қалған ба, қалай… Б.Тоғ. ~ Жоқ! Бүгін атқаруым керек… Сен, ғапу ет мені! – деп кесіп тастады. – Ладно, дорогой мой! – деп Александра да күйеуінің кірбің қабағына қарады. – Проводи меня! – Даусынан өкпе сезілді. А.Алт.