Posted in

КІРЕСІЛІ-ШЫҒАСЫЛЫ ҒАНА ЕСІ БАР

Шала есті жағдайға түсті. ~ Апанға бірің кіресің, – дейді ол ышқыр белбеуіне қыстырылған былғары қанаптан ұзын сапты сары кездікті жарқ еткізіп суырып алып, – қазір аюдың қысқы ұйқысы басталды. Ұйқыдағы аюда кіресілі-шығасылы ғана ес болады. Ғ.Біл. ~ Күн бұлыңғыр тартса, басының сақинасы ұстайтын Жөгер (бастың сақинасы ма, басқаның сақинасы ма, оны бір өзі ғана біледі) самагон мен бал сыраға тыңқия тойып алып, кіресілі-шығасылы ғана есі бар, шуланда дыриып жатқан. Қ.Ысқ.