Көзден ағып түскен бір тамшы жас туралы. ~ Бетіне сəл көз тоқтатып едім, қабағы қатыңқы, жанары солғын, жүзі жабырқау; кірпігінен бір тамшы жас үзіліп, жұмсақ орындықтың арқа тіреуіне сіңгендей болды. З.Қаб. ~ Кімді ойлаттың, тағдырым кімді аңсаттың, Дәурені өткен, көбелек қуған шақтың. Кірпігінен үзіліп Сара қыздың, Жерге түскен мөлдіреп мұң, моншақпын. Қ.Бұғ. ~ Ән біткенде Маржанның ұзын кірпігінен үзіліп түскен жалғыз тамшы жасты көргенде жас жігіт елжіреп аяп кетті. С.См. ~ Бір сәт қария өз туған анасындай көрініп, қазіргі жан күйзелісі өзегін өртеп барады. Жәзира кірпігінен үзіліп кеткен мөлдір шықты ұстай алмай қалды. М.Сүн.
