Posted in

КІРПІГІН (КІРПІК) ҚАДАДЫ

Көзін тіктеп қарады. ~ Қыз Бөгенбайға кірпігін қадаған. Жүзінде қатты тандану бар еді. — Уа, батыр! Олжаны қайта апарып тастаған кімді көріп едіңіз? С.См. ~ . Сусынды әкесінен бастап үлестірген, соңғы кесені Бекетке ұсынып жатып сояудай кірпігін қадап, шаншыла қарады да мырс етіп күліп жіберді. Қ.Ысқ. ~ Басын шошайтып алдымен аспанға ұзақ… ұз-а-ақ қарады. Шаңытқан Құс жолына кірпік қадап, әлденеге жүзін жылтты. С.См.