Posted in

КІРПІГІ АЙҚАСТЫ

Ұйқыға кетті, көзі ілінді. ~ Таң атқанша көз ілген жоқ. Кірпігі айқасса болды, тұлан тұта долданған келіншек шабынып шыға келеді. О.Бөк. ~ Тәтті қиял құшағында жатып, кірпігім айқасып, ұйқының иіріміне шым- шым батып бара жаттым. К.Сег. ~ Не заматта барып кірпігі айқасқандай болып еді, есік сықырлап ашылып, үйге аппақ кебіні бар қыз кіргендей… О.Бөк.