Posted in

КІРПІШІН ҚАЛАСТЫ (САЛДЫ)

Негізін салысты (салды). ~ Көктей ұрылып күндікке көніп, шалға сатылып кеткен қазақ әйелдерді бүгін таба алмайсыз. Қазақ әйелдері әр білімі мен өнердің саласында қазақтың жана жұртшылығының кірпішін қаласуда. І.Жанс. ~ Осыдан бастап Хиуа тағына ақсүйектер емес қаралар отыратын болды. Елтүзер Хиуа тағына отырған қаралардың, оның ішінде қоңыраттар әулетінің кірпішін қалап, басын бастады. АҚ “Арпалыспен…” ~ Енді болды осынша шыдағанымыз, біздің Қоқан хандығын мына қыпшақтар басып барады. Менің бабам – Шаһрух би осы Қоқан бектігінің алғашқы кірпішін қалаған кісі. АҚ “Арпалыспен…”