Таза, адал, кір жұқпаған көңіл. ~ Иә, кіршіксіз көңілге, шынайы сыйластыққа не жетсін? «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа» – деген сөз бар халқымызда. Ертеңгі күніңді ойлан. Ә.Ысқ. ~ Сылдырап ағып, мөлдіреп тұрған бұлақтай, Кіршіксіз көңіл, береді көмек сұратпай. Г.Каб. ~ Кітаптағы мәңгі өлмейтін тақырыпқа арналған махаббат лирикалары ақынның жан-сезімін алдымызға жайып салады. Бұл жырлар — кіршіксіз көңіл сырлары. БАҚ.
