Posted in

КІРШІК ЖОҚ

Шаң түспеген, қылаусыз, саф таза. ~ Көгілдірі аққудың Бір кіршік жоқ етінде. Толықсып кетіп барады Перінің қызы секілді. “Қыз Жібек”. ~ Менің, бүкіл денем осындай,— деді ол тағы да.— Тып-тығыз, шып-шымыр. Тазалық деп осыны айтамын. Тәнімде кіршік жоқ — таза емес небір талшық, небір тамшы қан, бір тал бұлшық ет жоқ; сүйегіме дейін тазалық, тіпті сүйегімнің өзі шыныдай таза. Дж.Лонд. ~ «Мен оқуды тастадым,— деген ол назарын төменде- тіп,— енді қайтып көрісеміз бе, көріспейміз бе оны келешек көрсетер. Кірлесе бұрын кірлеген шығар, саған деген жүре- гімде кіршік жоқ еді. Ө.Кәр.