Posted in

КІР ШАЛДЫ (ШАЛДЫРДЫ)

Ұятқа қалдырды; жақсы атына ноқат түсірді. ~ Күнаға белшеден батқан, жүрек басын кір шалған кісіні көріп: “мына байғұсқа обал болыпты-ау!.. көтерісейінші… біраз күнәсін өзіме бөлісейінші”, – демейді пенделер. Д.Дос. ~ Лениногор – полиметалл кендерін өндіру мен өңдеу жөнінен жаңашылдар қаласы. «Қорғасын-құрылыс», «Шахта құрылысы басқармасының» ұжымдары еңбек даңқына кір шалдырып көрген емес. Д.Қон.