Өзгелермен араласа алмайтын, сүйкімі жоқ адам туралы. ~ «Төре тұқымы тыраш келеді» деуші еді, рас қой деймін сол. Кісіге жұғымы жоқ, кекірейген біреу ғой, Шыңғысың! Кескіні не керек оның, ас құйып іше ме, әдемі болып? – деді. С.Мұқ. ~ Өздерінің кісіге жұғымы жоқ екен… Кеше келініңіз жаңа келген қыздардың ақ су ішіп отырғанын көріпті. Шай, сүт апарса әрең алыпты… Б.Тоғ.
