Posted in

КІСІЛІГІ МОЛ (БИІК)

Біреудің ала жібін аттамайтын, адамгершілігі мол, жаны жайсаң адам. ~ Бошай Кітапбаев ағам: ол кездегі ауданның бірінші хатшысы Махмұдов еді, қайырымы да, кісілігі де мол жақсы адам еді деді. Қ.Ысқ. ~ Келешекте ондай оқушыдан парасатты, кісілігі мол, қайырымды, тұлғалы азамат шығады. Ә.Асқ. ~ Айдархан әкеммен бірге болған күндерін әңгімелей келіп: – Шырағым,- деді маған қарап. – Сейсен екеуміз кішкене күнімізден бірге өсіп ек. Кісінің ала жібін аттамайтын, сыртынан сөз сөйлемейтін кісілігі биік жан еді. Әкеңе тартсаң, жаман болмассың. Т.Әбд.