Адамдық қасиеттерін жоғалтты, залымдық жолға түсті, бұзылды. * Бүйте берсе, ешкіммен араласпай, кісіліктен кететін шығар; бірге қуанып, бірге жыласатын дос қалмай, бақсының моласындай айдалада соқа басы сопайып жалғыз қалатын болар түптің-түбінде. Т.Сәу. * Сізді іздеп барып, сәлем бермей, алдыма келтіргеніме кешіріңіз! Ұлықтық қасиет емес. Бектік адамды бұзады. Кейде кісіліктен шығып кетеді екенсің… Т.Рыск. * Адам қашанда жарыққа, бақытқа, барлық пен салтанатқа ұмтылады, егерде ол намыс пен кісіліктен толықтай айырылып аюан дәрежесіне түсіп кеткен болмаса. Т.Әс. * Жалғызын қыз қылышы қиғалы тұр, Кетіп тұр кісіліктен ердің басы. І.Ес.
