Posted in

КІСІ АЛДЫНДА

Өзге жұрттың көзінше, ел алдында д.м. ~ Ақынмын, ақылдымын деуге барып, көрмедім кісі алдында кеуде қағып, ешкімнің түскен жоқпын егініне, жел бітіп көңіліме, кеулеп алып… С.Им. ~ Өзіме салсам, Тайлы бие тиеді. Кісі алдында аяғым Анда-санда бір тиеді. М.-М. ~ Тумысында кісі алдында бас имеген, сол соқыр тәкаппарлығы үшін талай таяқ жеген, бірақ көрген қиындығы бастықтырмаған өр кеуде жігіт кешелі бері тәңіріне дән риза еді. А.См. ~ Суды Мұрыншақтан тартып Қазиза құя бастағанда, қыз қолына таза, кестелі орамалын алып, кісі алдында кішкене тұрып қалды… Ж.Ахм.