Posted in

КІСІ АЛДЫРДЫ

Көмекке біреулерді шақыртып алды. ~ Құса болдым, жан балам, Зарлықпен күнім өтті ғой. Ел-елден кісі алдырдым, Төңіректі шалдырдым. БС. “Сейпілмәлік”. ~ Ал сіз болсаңыз сол сияқты аңдуылда отырған байға қолшоқпар болып, оның тығындысын алып кетпек болғансыз. Сондықтан сізді заң тәртібімен тексертіп, мына дүниелерді болыстық тергеу орнынан кісі алдырып тексертіп қағазға түсірмесек болмайды. Сондықтан біз сізді босата алмаймыз. Басқа жағын бара көрерміз. Арбаңызға мініңіз, ерте күнді кеш етпелік, — деп әмір ете сөйледі. С.Бег.